Шымкентте жас сақшылар полиция ардагерімен кездесті
Шымкентте жас сақшылар полиция ардагерімен кездесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінің қызметкерлері "Жас сақшы" сыныбы оқушыларының ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Сержан Тұрсынбековпен кездесуін ұйымдастырды. Аталған кездесу құқық қорғау қызметіне дайындалып жатқан оқушылар үшін маңызды іс-шара болды.
Кездесу барысында қонақтар балалармен құнды тәжірибелерімен бөлісіп, полициядағы жұмыстың күрделілігі мен жауапкершілігі туралы айтып, сондай-ақ осы салада жоғары моральдық және кәсіби қасиеттерге ие болу қажетін жеткізді. Сержан Оразұлы қазіргі жас сақшылар – құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатын болашақ өз ісінің мамандары екеніне сенім білдірді.
Оқушылар үшін бұл кездесу нағыз мотивация болды. Олар полиция қызметі туралы қызықтырған сұрақтарын қойып, өзін тәртіп пен заңдылықты қорғауға арнағандардан құнды кеңестер алуға бірегей мүмкіндік алды.