Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында адам саудасына қарсы акция өтті

Абай облысында адам саудасына қарсы акция өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері адам саудасына байланысты қылмыстың алдын алуға бағытталған профилактикалық акция өткізді. Іс-шара қаладағы сауда орталықтарының бірінде өтті.

Акция барысында полицейлер ақпараттық материалдар таратып, келушілерге қазіргі заманғы құлдықтың, еңбек және сексуалдық қанаудың белгілері туралы, сондай-ақ қорғану шаралары жөнінде түсіндірді. Ерекше назар мұндай қылмыстарға күдік туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмі мен шұғыл көмек нөмірлеріне аударылды.

– Адам саудасымен күрес – біздің жұмысымыздың маңызды бағыты. Азаматтарды сақ болуға және күмәнді жағдайлар туралы полицияға дереу хабарлауға шақырамыз, – деді ҰҚҚКБ бастығы Бауыржан Егізбаев.

Полицейлер адам саудасына байланысты қылмыстар жасағаны үшін қатаң қылмыстық жаза қарастырылғанын еске салды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру