Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ПД бастығы төтенше жағдайларға дайындықты тексерді

ШҚО-да ПД бастығы төтенше жағдайларға дайындықты тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков төтенше жағдайларға, соның ішінде су тасқыны кезіндегі жедел әрекет ету мақсатында қызметтік көліктер мен арнайы техниканың дайындығын, сондай-ақ жеке құрамның әзірлігін тексерді.

Инспекция барысында техниканың жарамдылығы, арнайы жабдықтардың жұмыс істеу қабілеті, қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл және жедел бөлімшелердің әрекет ету тиімділігі бағаланды. Әсіресе, су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою шараларына ерекше көңіл бөлінді.

Тексеру қорытындысы бойынша күштер мен құралдардың жоғары деңгейде дайын екені атап өтілді. Дегенмен, кез келген күтпеген жағдайға үнемі бақылау жасап, техниканың сақадай сай болуын қамтамасыз ету қажеттігі ескертілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру