Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер ІІО ардагерін Амал мерекесімен құттықтады

Атырауда полицейлер ІІО ардагерін Амал мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 наурыз – халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлі Амал мерекесі. Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдіріп, татулық пен сыйластықты нығайтады. Осыған орай, Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагері отставкадағы милиция полковнигі Мерген Байболовтың шаңырағына арнайы барып, оны көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.

Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Қайыржан Дюсенбаев пен бөлім бастығы Ғалымжан Сембаев ардагердің ішкі істер органдарындағы еңбегін жоғары бағалап, жылы лебіздерін жеткізді.

Амал мерекесі – сыйластық пен татулықтың символы. Бұл күні адамдар өткен реніштерін ұмытып, қол алысып, бір-біріне жылы лебіздерін арнайды. Ұлттық дәстүрлерімізді жаңғыртуға және рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған осындай шаралар жас буынға өнеге болмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру