Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы ұйымының 100 жылдығына арналған волейбол турнирі өтті

"Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдық мерейтойына орай елордада волейболдан турнир өтті. Оған күштік және құқық қорғау органдарының тоғыз командасы қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Спортшылар Астана қаласы бойынша "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы төрағасының Кубогы үшін бақ сынасты.

Қызу тартыста жүлделі үшінші орынды Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімі иеленді. Екінші орынға мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командасы ие болды. Астана қаласы полиция департаментінің командасы турнирдің жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру