Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: Абай облысында қарағай көшеттерін ұрлау фактісі тоқтатылды

Ішкі істер министрлігі заңсыз ағаш кесу мен орман қорын жою фактілерін анықтау және тоқтату бойынша жүйелі түрде мақсатты іс-шаралар жүргізіп келеді.

Абай облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңірдің орман алқабын көгалдандыру мен қалпына келтіруге арналған қарағай көшеттерін ұрлау бойынша қылмыстық схеманы әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Қылмыстық топтың құрамына жергілікті тұрғындар мен "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының бұрынғы қызметкерлері кірген.​

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Павлодар облысында 38 жастағы ұйымдастырушы мен оның сыбайластары ұсталды. Олардың барлығы қамауға алынды.​

260 мыңнан астам көшет тәркіленді, олардың жалпы құны 500 миллион теңгеден асады, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Ішкі істер министрлігі еске салады: орман қорын заңсыз кесу, жою және ұрлау ел экологиясына орасан зор зиян келтіреді және одан да ауыр салдарға әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру