Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында спорттық жетістіктерге жеткен полицейлер марапатталды

Қызылорда облысында спорттық жетістіктерге жеткен полицейлер марапатталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров бүгінгі саптық жиын барысында спорттық жетістіктерге жеткен полицейлерді марапаттады.

Осы жылғы 14-17 сәуір аралығында Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында өткізілген Алыс белбеу күресі бойынша Баяман Эркинбаевты еске алу арналған халықаралық Гран при турнирінде жүлделі 3 орынды Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы Оразбай Арайлым иеленді.

Сондай-ақ 12-14 сәуір аралығында Ақтау қаласында карате спортынан өткен Қазақстан чемпионатында жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы Қабланбек Кемелбек жүлделі 3 орынға ие болды.
Департамент бастығының орынбасары Оралбек Тәубақабылұлы жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, олардың кәсібилігі мен қызметтік міндеттерін үлгілі орындағанын атап өтті.

Сонымен қатар бүгінгі жиын барысында О.Омаров жеке құрамның нысандық киім үлгісін, қызметтік куәліктері мен жеке жетондарының талапқа сәйкестігін тексерді. Саптық дағдыны жетілдіру, саптық командаларды орындау кезінде реттілікті, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамның нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру