Алматыда көлік басқарған жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды
Алматыда "Жасөспірім" және "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында Медеу ауданының полиция қызметкерлері түнгі сағат 02.00 шамасында Infiniti көлігін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көлік тізгінінде 17 жастағы бала болған. Медеу аудандық полиция басқармасы хабарлағандай, оқиға орнына жасөспірімнің заңды өкілдері шақырылған. Олар жауапқа тартылды.
Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерге кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі сіздің жеке жауапкершілігіңіз екенін ескертеді. Балаларға көлік кілтін сеніп тапсыру арқылы сіз олардың өміріне ғана емес, басқаларға да қауіп төндіресіз.