Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция велосипедті қараусыз қалдырмауды ескертеді

Полиция велосипедті қараусыз қалдырмауды ескертеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Көктемнің жылы шуағы келісімен тұрғындар екі дөңгелекті көліктерін мініп, серуенге шыға бастайды. Алайда дәл осы кезең – велосипед ұрлығының көбеюіне қолайлы жағдай тудырады. Өкінішке қарай, көптеген азаматтар өз мүлкіне салғырт қарап, велосипедтерін қараусыз қалдырып кетеді.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 16 велосипед ұрлығы тіркелген. Мұндай қылмыстардың негізгі себебі – иелерінің сақтық шараларын елемеуі және велосипедтерде сәйкестендіру белгілерінің болмауы.

Мәселен, Павлодар қаласының тұрғыны полицияға Астана көшесіндегі үй ауласынан Stels велосипеді ұрланғаны туралы арызданған. Ұқсас жағдай тағы бір қала тұрғынының басынан өтті – екі жағдайда да иелері көлігін қараусыз қалдырған.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары аталған қылмыстарға қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

Полиция қызметкерлері велосипед ұрлығының алдын алу үшін келесідей сақтық шараларын ұстануға кеңес береді:

- Велосипедті адам көп жүретін, жарықтандырылған жерде қалдыру;
- Оны мықты құлыппен тұрақты затқа (қоршау, арнайы тұғыр және т.б.) бекітіп қою;
- Велосипедке өшірілмейтін таңбалар, жапсырмалар немесе ерекше жазулар жасау;- Мүмкіндігінше, велосипедті арнайы қоймада немесе күзетілетін тұрақта қалдыру.

Егер сіз қылмыстың құрбанына айналсаңыз, құқық бұзушының сыртқы келбетін есте сақтап, дереу "102" нөміріне хабарласыңыз. Есіңізде болсын: сіздің мүлкіңіздің қауіпсіздігі – ең алдымен, өзіңіздің жауапкершілігіңізде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру