Астанада жасөспірімдерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
Астанада жасөспірімдерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада Кибер қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интернет алаяқтығының алдын алу және тұрғындардың цифрлық қауіпсіздік туралы сауатын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Осы бағыттағы іс-шаралар аясында полиция қызметкерлеріЛ.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және BINOM мектебінде арнайы дәрістер өткізді. Дәріс барысында кибер қылмыстардың түрлері, олардың қоғамға тигізетін зияны, сондай-ақ интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған әдістері түсіндіріліп, нақты мысалдар келтірілді.
Тәртіп сақшылары тыңдаушыларға жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақтану, бейтаныс адамдарға банк шоттарының мәліметтерін бермеу жөнінде кеңестер берді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – жастар мен оқушылар арасында цифрлық гигиена мәдениетін қалыптастыру және интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер туралы хабардарлықты арттыру.
Полиция азаматтарды интернет алаяқтарына алданбауға шақырып, күмәнді жағдай туындаған кезде бірден полицияға жүгінуге кеңес береді.