Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында қоғамдық жұмыстан жалтарғандар жазаға тартылды

Маңғыстау облысында қоғамдық жұмыстардан жалтарғандар жазаға тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі қоғамдық жұмысқа тартылған сотталғандардың жаза өтеу тәртібін қатаң бақылауда ұстап, жүйелі жұмыс жүргізуде.

Қазіргі таңда пробация есебінде 900-ден астам сотталған тіркелсе, олардың 92-сіне қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындалған.

Алайда жыл басынан бері үш сотталған қоғамдық жұмыстарды өтеуден жалтарғаны үшін жауапкершілікке тартылып, сот қаулысымен қамаққа алынды.

Мұндай фактілердің бірі Мұнайлы ауданында тіркелді. Пробация есебінде тұрған азамат бірнеше рет ескерту алғанына қарамастан, қоғамдық жұмыстарға шықпаған. Жинақталған материал сотқа жолданып, нәтижесінде ол сот үкімімен қамаққа алынды.

Пробация қызметі есептегі азаматтарға қатысты бақылау мен тәрбиелік жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп, жаза өтеудің заңдылығын қамтамасыз етуді жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру