Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметпен өткен ғұмыр: ҚАЖ ардагерлері жас буынмен тәжірибе бөлісті

Қызылорда облысында ҚАЖ ардагерлері жас буынмен тәжірибе бөлісті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 37 мекемесінде "Қызметпен өткен ғұмыр – ҚАЖ ардагерінің тағылымы" атты ардагерлермен тағылымдық кездесу өтті. Іс-шараға жеке құрамның жас қызметкерлері мен ҚАЖ саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлер қатысты.

Кездесу барысында ҚАЖ саласының ардагерлері – Мұхтар Садықов,  Ғалымжан Мүйденов, Жалғас Есмаханов, Азат Раисов, Марат Қойбағаров және Шәдібек Ақпанбетов  жас мамандарға өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Ардагерлер жас қызметкерлерге қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметтің ерекшеліктері мен жауапкершілігі жайында айтып, бұл салада қызмет ету — үлкен шыдамдылық пен адалдықты талап ететінін ерекше атап өтті.

– Қызметтің оңайы жоқ. Бастысы – кез келген қиындыққа мойымай, елге, заңға және қабылдаған антыңа адал болу керек. Біз осы жолдан өткенбіз, – деп бөлісті ардагерлер өз кеңестерімен.

Мұндай шаралар жас қызметкерлер үшін үлкен мотивация болып, кәсіби дамуға тың серпін беретіні сөзсіз. ҚАЖ жүйесінде ұрпақ сабақтастығын сақтау, ардагерлерге құрмет көрсету – қызметтік рухты көтерудің және тәртіп сақшыларының бірлігін арттырудың маңызды тетігі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру