Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда Жеңістің 80 жылдығына арналған веложарыс өтті

Атырауда Жеңістің 80 жылдығына арналған веложарыс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Cәуір айында Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастамасымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қызметкерлер арасында веложарыс ұйымдастырылды.

Спорттық шараның басты мақсаты – Жеңіс күнінің тарихи маңызын ұлықтау, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжым арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыру болды. Жарысқа ҚАЖ саласының түрлі құрылымдарынан келген қызметкерлер белсенді түрде қатысып, өздерінің спортқа деген қызығушылықтары мен жоғары дайындықтарын көрсетті.

Бәсекелестік рухқа толы додада үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жеңімпаз атанып, арнайы марапаттар мен алғыс хаттарға ие болды. Шара соңында қатысушылар мұндай спорттық бастамалардың ұжымдық бірлікті күшейтіп қана қоймай, патриоттық рухты оятуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Бұл веложарыс – қызметкерлердің кәсіби қызметінен бөлек, ортақ құндылықтарды дәріптейтін игі бастамалардың бірі ретінде есте қалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру