Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында тәртіптік-патриоттық рухты нығайтуға бағытталған флешмоб ұйымдастырылды

Жетісу облысында Жастар алаңында жасөспірімдерге арналған патриоттық флешмоб өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қалалық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, Жетісу облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы және Талдықорған қалалық Білім басқармасының ұйымдастырумен “Жасөспірім” жедел профилактикалық іс-шарасының аясында жасөспірімдерге тәртіптік-патриоттық рухын нығайтуға бағытталған флешмоб өткізілді.

Іс-шара Жастар алаңында өт­ті. Оған 300-ден астам оқушы қатысты: орта мектептердің және гимназиялардың жасөспірімдері флешмобқа бірлік пен сезімді көрсететін қозғалыс элементтерімен қатысты.

Флешмобтың негізгі мақсаты – жас ұрпаққа азаматтық борышын сезіндіру, заң мен тәртіпке деген құрметті қалыптастыру және Отан алдындағы жауапкершілікті ұғындыру. Осындай іс-шаралар жасөспірімдердің тәртібі мен патриоттық сезімін шыңдап, олардың болашақта жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру