Қарағандыда Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті
Қарағандыда Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
11 мамырда Қарағанды қаласының орталық саябағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты концерттік бағдарлама өтті. Іс-шараны Қарағанды облысы полиция департаментінің Теміртау қалалық полиция басқармасы ұйымдастырды.
Шараның басты мақсаты – халқымыздың тарихындағы елеулі белес – Ұлы Отан соғысындағы жеңісті ұлықтау, ерлік пен батырлықтың символына айналған ардагерлерге тағзым ету және өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты нығайту.
Концертке соғыс және тыл ардагерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты. Бағдарлама аясында патриоттық әндер шырқалып, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлерінің көрінісі көпшіліктің назарына ұсынылды.
Іс-шара көрермендерге ерекше әсер сыйлап, Жеңіс күнінің рухын терең сезінуге мүмкіндік берді. Концерт жылы әрі мерекелік атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй тарту етті.