Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада заңсыз қоқыс төккен жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Астанада заңсыз қоқыс төккен азамат жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында қала аумағында экологиялық тәртіпті жақсарту мақсатында жүргізілген рейд барысында Ұлы дала көшесінің бойындағы рұқсат етілмеген жерге ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі қоқыс төккені анықталды. Оқиға бейнебақылау камералары арқылы тіркеліп, жедел түрде полиция мен табиғатты қорғау инспекторлары оқиға орнына жетті.

Тексеру барысында құқық бұзушыға қатысты шара көрілді. Бұл шаралар қаланың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында қабылданды.

Акция басталғаннан бері 45 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 570-ке жуық жүк және кәріз көлігі экологиялық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Полиция мен экологиялық бақылау органдары заңсыз әрекеттерді анықтау және олардың алдын алу жұмыстарының ауқымын кеңейтіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру