Қарағанды облысында жол қауіпсіздігін арттыру шаралары жалғасуда
Қарағанды облысында жол қауіпсіздігін арттыру шаралары жалғасуда, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысында 19 сәуірден бастап "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қатысушыларының тәртібін арттыру. Полиция қызметкерлері жол ережелерін бұзушыларды анықтау және тәртіпті сақтау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Іс-шара басталғалы бері 11 984 жол қозғалысы ережесін бұзудың жолы кесілді. Бұл — өңірде жүргізушілер тарапынан тәртіпке бағынбау мәселесінің әлі де өзекті екенін көрсетеді.
Ең жиі кездесетін заң бұзушылықтар қатарына:
мас күйінде көлік жүргізу — 123 дерек; қарсы қозғалыс жолағына шығу — 81 жағдай;
жүргізуші куәлігі жоқ тұлғалардың көлік басқаруы — 24 факті; мемлекеттік тіркеуден өтпеген көлік құралдарын басқару — 62 дерек жатады. Сонымен қатар заңсыз жолаушы тасымалы бойынша 8 құқық бұзушылық анықталды.
"Қауіпсіз жол" іс-шарасы – жол қозғалысындағы мәдениетті арттыруға, апаттардың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Қарапайым ережелерді сақтау – әр азаматтың қауіпсіздігіне кепіл. Полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізудің, сондай-ақ жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырудың адам өміріне төндіретін қауіп-қатерін тағы бір еске салады.