Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тыныштықты бұзған жүргізушілер анықталды

Шымкентте тыныштықты бұзған жүргізушілер анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте полиция қызметкерлері түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзған үш автокөлік жүргізушісін ұстады. Аталған көліктерге иелері қуатты акустикалық құрылғылар орнатқан. Қатты қойылған музыка көпшілікті ашуландырған.

Тексеру барысында көліктердің заңсыз қайта жабдықталғаны белгілі болды: оларға арнайы рұқсатсыз дыбыстық құрылғылар орнатылған. Мұндай әрекеттер қолданыстағы заң талаптарына қайшы келеді.

Жүргізушілерге қатысты түнгі тыныштықты бұзып, көлік құралының құрылымына рұқсатсыз өзгерістер енгізгені үшін хаттамалар толтырылды. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.

Полиция көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтауға тыйым салынатынын, сондай-ақ түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзу әкімшілік құқық бұзушылыққа жататынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру