Астанада салтанатты іс-шараларға қонақ ретінде кіріп, ұрлық жасаған азамат ұсталды
Астанада салтанатты іс-шараларға қонақ ретінде кіріп, ұрлық жасаған азамат ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен салтанатты іс-шара кезінде телефон ұрлығы тіркелді.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті әрбір эпизодта түрлі салтанатты іс-шараларға қонақ ретінде еркін кіріп, қонақтар билеу үшін орындарынан тұрған сәтте стол үстінде қалған телефондарды ұрлап, еш кедергісіз рестораннан шығып кеткен. Осылайша жәбірленушіге 300 мың теңге көлемінде шығын келтірген.
Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жеделіздестіру шаралары нәтижесінде 28 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Сонымен қатар оның осыған ұқсас тағы 7 ұрлық эпизодына қатысы бары анықталды.
Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.