Павлодар облысында марқұм полицейді еске алуға арналған футболдан турнир өтті
Павлодар облысында марқұм полицейді еске алуға арналған футболдан турнир өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар ауданының полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің қызметкері Асхат Серіковты еске алу үшін Павлодар ауданының полиция бөлімі марқұмның достарының қолдауымен футболдан турнир өткізді. Салтанатты шара бір минут үнсіздіктен басталды.
- 2023 жылдың ақпан айында мезгілсіз қайтыс болған досымыз және әріптесіміз Серіков Асхат Серікұлының алғысын жылы сөздермен еске алғым келеді. Ол сауатты қызметкер, өз ісінің кәсіби маманы, жанашыр және мейірімді жолдас, адал дос, қамқор отағасы және бақытты әке болды, – деп атап өтті полиция бөлімінің бастығы Жанат Мұсабеков.
Асхат Серіков ішкі істер органдарында 2009 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы ақпанға дейін қызмет етті. Ауыл тұрғындары мен достары марқұмды жылы сөзбен және сүйіспеншілікпен еске алды.
Жарыс Асхаттың туып-өскен, кейін отбасымен бірге тұрған Жетекші кентіндегі "Ақ жүрек" орталық стадионында өтті. Оның артында екі қызы қалды.
Турнирдің ашылу салтанатына Жетекші кентінің жергілікті атқарушы органдары, әріптестері, ауылдастары, Асхат Серікұлының достары мен отбасы қатысып, турнир ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, қатысушыларға сәттілік, жеңістер мен денсаулық тіледі.
Жарысқа барлығы 7 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша: тұғырдың 1-ші орны Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне берілді, екінші орынды Жетекші кентінің ауыл тұрғындары иеленсе, Шақат ауылынан келген қызметкердің достарының құрама командасы құрметті 3-орынға ие болды.
Жеңімпаздарға кубоктар, грамоталар, ақшалай сыйлықтар және сыйлық сертификаттары табыс етілді.