Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы балалар колониясында психологиялық тренинг өтті

"Social Project Management" қоғамдық қоры Алматыдағы балалар колониясында тренинг өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Social Project Management" қоғамдық қоры Алматы қаласындағы ҚАЖД-ға қарасты №11 мекемесінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған жоба аясында, сотталған жасөспірімдермен психоәлеуметтік тренинг ұйымдастырды.

Жобаның үйлестірушісі Бағдат Сагиндиковтың бастамасымен өткен бұл шарада кәсіби психолог мамандар кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге дайындық, мақсат қою және қоғамда өз орнын табу жолдарын көрсетуге бағытталған тренинг өткізді.

Кездесу соңында мекеменің САӘПТЖБ бөлімінің психологы А. Искакова мұндай жобалардың сотталған адамдарды әлеуметтік ортаға бейімдеуде маңызы зор екенін атап өтіп, жоба жетекшісі Бейбіт Нәлібаев пен ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру