Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізілді

Астанада интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің Нұра аудандық криминалдық полиция қызметкерлері "Антифрауд" жедел алдын алу іс-шарасы аясында интернет-алаяқтығының алдын алуға бағытталған кешенді түсіндіру және ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, бұл бағыттағы іс-шаралар КазУТБ және ПТК колледждерінде арнайы ұйымдастырылған дәрістермен басталды.

Студенттерге интернет-алаяқтығының кең тараған түрлері, олардың айқын белгілері мен келтіретін зияны жан-жақты түсіндірілді. Полицейлер нақты мысалдар арқылы онлайн сауда алаяқтығы, жалған банк қызметкерлерінен келетін қоңыраулар, фишингтік сілтемелердің қауіптілігі жөнінде айтып, жастарға барынша мұқият болуды және сақтық шараларын ұстануды ұсынды.

Сонымен қатар қала тұрғындарына ескерту сипатындағы ақпараттық флаерлер таратылып, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында пайдалы кеңестер берілді. Полиция қызметкерлері азаматтарға беймәлім сілтемелерге өтпеуге, банк деректерін бөгде адамдарға бермеуге және күмәнді интернет ұсыныстарынан барынша сақ болуға кеңес берді.

Астана қалалық полиция департаменті тұрғындарды киберқауіптерге бейжай қарамауға шақыра отырып, мұндай алдын алу шаралары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру