Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жедел кеңес өтті

Түркістан облысында полиция басшылығы жедел-қызметтік құрылым жұмыстарын талқылады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінде департамент бастығының міндетін атқарушы Құрманбек Саховтың төрағалығымен жедел кеңес өтті. 

Күн тәртібінде осы жылдың ведомство қызметінің қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге қойылған міндеттер айқындалды. Аппарат, қалалық және аудандық полиция басқарма, бөлім басшыларының қатысуымен өткен жиында жедел-қызметтік құрылымдардың жұмыс нәтижелері, "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу, жеке құрамның қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтауы секілді мәселелер қаралды. Полиция полковнигі Қ.Сахов ҚР Ішкі істер министрлігі жариялаған "Профилактика жылы" аясында өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ қылмыстарды азайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жандандыру керектігін тапсырды. Кеңес соңында полиция басшылығы құқық бұзушылықтардың алдын алу, кадрлық әлеуетті жетілдіру, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің қызметтік тәртіпті қатаң сақтауы бойынша нақты міндеттерді мүлтіксіз орындауға шақырды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру