Астанада полиция ұрлық фактісінің бетін ашты
Астанада полиция ұрлық фактісінің бетін ашты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада зергерлік дүкендерде ұрлық жасайтын гастролер ұры анықталды.
Полицияға алтын бұйым сататын бутиктің иесі жүгінді. Ол белгісіз біреудің сауда нүктесінен алтын сақинаны ұрлап кеткенін хабарлаған.
Бейнебақылау камералары бұл құпияны ашуға көмектесті. Жедел уәкілдер жазбаларды қарап, күдіктінің сатушыны алаңдатып, бірнеше ерлерге
арналған мөрлі сақиналарды өлшеп көргісі келетінін айтып, сол сәтте бір сақинаны қалтасына салып, дүкеннен шығып кеткенін анықтады. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 54 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тумасын ұстады.
Ол өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, ер адам бұрын да бірнеше рет сотталған. Тергеу барысында оның осындай тағы 8 ұрлық дерегіне қатысы бар екені анықталды.