Қызылорда облысында “Қауіпсіз жол” ЖПІШ қорытындыланды
Қызылорда облысында “Қауіпсіз жол” ЖПІШ қорытындыланды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мұратбек Манатовтың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті.
Брифинг барысында облыс көлемінде осы жылғы 19 сәуір -19 мамыр аралығында өткен “Қауіпсіз жол” жедел профилактикалық іс-шарасының қорытындысы туралы айтылды.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрқашан басты назарда және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тиісті шаралар қабылдануда.
Іс-шара барысында мектептерде және білім беру ұйымдарында 300-ге жуық жол ережесі бойынша семинарлар өткізілді. Барлық аудандарда оқушылар арасында “Қозғалыстың жас инспекторлары” жасақтарының слеті өткізілді.
Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент автожолында кемпингтерде және демалыс орындарында жүргізушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Осы автожолдың бойында жергілікті атқарушы органдарды қатыстыра отырып, екі мәрте жолда қабылдау акциясы өткізілді.
Іс-шараның нәтижесінде 10 975 құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзудың - 871, белгіленген тәртіппен тіркелмеген немесе м/б жоқ көлік құралын басқарудың – 239, заңсыз қайта жабдықтаудың - 194, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген - 501, ұялы телефонмен сөйлесудің - 410, қауіпсіздік белдігін және тасымалдау қағидаларын бұзудың - 2423, жолдың қарсы жолағына шығудың - 58, бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту – 85, жаяу жүргіншіге жол бермеудің – 293, масаң күйінде көлік құралын басқару - 90, басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлік басқаруы – 202, көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлікті қайта басқарудың – 38 және жаяу жүргіншілер жолағынан өтпеудің 1265 дерегі анықталды.
Сонымен қатар 1281 автокөлік айып тұрағына қойылып, 377 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу белгілері алынды.