Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жол ережесін мүлде бұзбаған көлік жүргізушілері марапатталды

Шымкентте жол ережесін мүлде бұзбаған көлік жүргізушілері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз жол” профилактикалық іс-шарасы аясында және қоғамда "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайту мақсатында Шымкентте ерекше акция өтті.

Күн сайын қозғалыста болатын және өткен жылы жол қозғалысы ережелерін мүлде бұзбаған автокөлік жүргізушілері марапатталды. Оларға ынталандыру ретінде бір жылдық мерзімге сақтандыру полисіне сертификаттар табысталды.

Атап өтейік, күн сайын Шымкент жолдарына 112 мыңнан астам автокөлік шығады. Олардың арасынан жолды көп жүріп өткен, яғни қашықтықты еңсерген үздік жүргізушілер марапатқа лайық деп танылды. Бұл жүргізушілер цифрлық жүйелердің көмегімен таңдалды.

Мұндай акциялар жүргізушілерді қауіпсіз қозғалысқа, жол жүру қағидаларын бұзбауға және жол апаттарын болдырмауға ынталандырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру