Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алды

Алматы облысында полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

2025 жылғы 10 мамырда Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында төтенше жағдай болды. Көлік өртеніп, жарылыс қаупі туындады. Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрі жанқиярлық әрекеттерінің арқасында ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік туды.

– Жамбыл аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының инспекторлары Мирас Тастанды мен Дінмұхамбет Есмакамбетов алғашқы болып оқиға орнына жетті. Олар өрт сөндіру қызметі келгенше отты өздері сөндіре бастады, адамдарды эвакуациялап, жарылыс қаупі бар көліктерді қауіпсіз жерге көшірді. Осы батыл әрекеттердің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік туды, – дейді облыстық полиция департаменті.

Өрт сөндіру қызметі келген соң, қалған жалын толығымен сөндірілді. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында қызметтік міндеттерін жанқиярлықпен атқарғаны үшін қос полиция қызметкері Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевтің Алғыс хатымен марапатталды.

Бұл оқиға полиция қатарында азаматтардың амандығы үшін өмірін тәуекелге тігуден тайынбайтын нағыз ержүрек жандар қызмет ететінін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру