Жас түлектердің қауіпсіздігі — полиция бақылауында
Тәртіп сақшылары жыл сайын соңғы қоңырау күні күшейтілген режимде жұмыс істейді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы қоңырау — мектеп оқушылары, әсіресе мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше күн. Тәртіп сақшылары жыл сайын соңғы қоңырау күні күшейтілген режимде жұмыс істейді. Дәл осы күні мектеп бітірушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Арнайы рейд ұйымдастырып, қымбат көлік жалдап, көшенің тынышын бұзатын түлектермен күреседі.
Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушылық пен оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында автокөлікті жалға беру орындарын аралады.
Аралау барысында мекеме басшыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдерге басқару құқығынсыз автокөлікті бермеу қажеттілігі айтылды.
Арнайы кортеждерді ұйымдастыру кезінде көлік жүргізушілері жол ережелерін өрескел бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертті.
Құқық бұзушылық пен оқыс жағдайларды болдырмас үшін балаларды қатаң қадағалауды сұраймыз!