Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері оқушыларға ЖҚЕ бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Балаларды қорғау күні қарсаңында № 20 мекеме қызметкерлері оқушылармен жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында №20 мекеме қызметкерлері тәрбиеленушілер арасында құқықтық және жол сауаттылығы деңгейін арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды аспектісі ретінде жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелеріне басты назар аударылды.
Мекеме қызметкерлері қаланың орта білім беру мектептерінің төртінші сынып оқушыларына барды. Балаларға жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол ережелері туралы брошюралар таратылды және балаларға велосипедтер мен электр скутерлерінде жол қозғалысы ережелері түсіндірілді.
Балаларға жолда, жаяу жүргіншілер өткелдерінде және қоғамдық көліктерде өзін қалай дұрыс ұстау керектігін еске салып, жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы айтып берді.
— Мұндай іс-шаралар балаларда жолда қауіпсіз жүріс-тұрыстың тұрақты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған және кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға қызмет етеді. Біз әр баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысамыз, — деп атап өтті тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Динара Қарабаева.