Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тәртіп сақшылары Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

Қызылордада тәртіп сақшылары Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – елдің саяси тәуелсіздігі мен егемендігінің рәміздері. Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі.

4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні. Айтулы күнге орай облыс орталығындағы Рәміздер алаңында Қызылорда облысы полиция департаментінің жеке құрамы салтанатты түрде сапқа тұрып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын шырқады.

Іс-шара барысында департамент бастығының орынбасары Оралбек Омаров жеке құрамды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, өз тілегін жеткізді.

- Еліміздің ежелден аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан рәміздерді қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндет болуы тиіс. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей! Барша қазақстандықтарды Қызылорда облысы полиция департаментінің атынан Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көк туымыз бейбітшілік аспанында мәңгі желбіресін, - деді О.Омаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру