Семейде полиция ұрланған скутерді иесіне қайтарды
Семей қаласында оқушының скутерін ұрлаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласында полицейлер скутер ұрлығын әшкереледі.
Қала тұрғынының айтуынша, ақ түсті скутер 11 мамыр күні жеке тұрғын үй ауласынан ұрланған. Келтірілген материалдық шығын 350 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 22 және 24 жастағы екі жергілікті тұрғынды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында күдіктілер кінәсін мойындап, ұрланған скутер айғақты зат ретінде тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.