Жол ережесінің сақталуын қадағалаушы маманның бір күні
Polisia.kz редакциясы жол ережесінің сақталуын қадағалаушы маманның бір күні қалай өтетінін баяндайды.
Көшедегі тыныштықты күзетіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін патрульдік полицей бір күнде сан түрлі жағдайды бастан кешеді. Бүгінгі бейнероликте осы саланың үздік мамандарының бірі – Келес аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция тобының қызмет аға инспекторы Сейфудин Айтбаевтың бір күндік жұмысын ұсынбақпыз.
Полиция капитаны С.Айтбаевтың басты міндеті - қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Одан күнделікті қызметі тәртіп пен жауапкершілікті, кәсіби шеберлік пен төзімділікті талап етеді. Кейіпкеріміз тұрғындарға жол көлік оқиғаларын болдырмаудың жолын түсіндіріп, аудан жолдарындағы жүріс-тұрыс ережелерін қадағалайды. Халыққа құрметпен қарым-қатынас жасап, көмекке мұқтаждардың жанынан табылады.
Күн-түн демей халықтың тыныштығын күзетіп, жолдағы амандығын сақтап жүрген сақшылардың қызметі бар құрметке лайықты.