Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мен полицей боламын”: Жамбыл облысында ПД бастығы сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Жамбыл облысының полиция департаментінде өзгеше күн болды. Маңызды жиналыстар өтетін мәжіліс залының дөңгелек үстеліне ПД бастығымен бірге полицейлер емес – кішкентай балалар жайғасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы демалыс кезінде полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев "Мен полицей боламын" атты сурет байқауының қатысушыларына ерекше күн ұйымдастырды.

Алдын ала әлеуметтік желіге жарияланған шығармашылық байқауға 8 бен 12 жас аралығындағы 50-ден астам талантты оқушы қатысты.

Жас суретшілер полиция жұмысына қатысты кез келген техникада сурет салып, қызметтің маңыздылығы жайлы шағын бейнероликтер түсірді.

— Ұлым ерекше бала болғанына қарамастан, біз де байқауға қатысуға бел будық. Ол қатты уайымдап, салған суретіне бүкіл жан-тәнін салды. Саша жүлделі орын алғанын естігенде, оның көзінен қуаныш жасы көрінді, — деп әсерімен бөлісті оның анасы Анна Красикова.

Байқау қатысушыларына дипломдар, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шара соңында Бақытжан Малыбаев балалар мен олардың ата-аналарына департаменттің музейі мен жедел басқару орталығына экскурсия ұйымдастырды. Онда балалар полиция тарихы туралы көптеген қызықты мәліметтер алып, жол қозғалысы ережесін бұзғандарды қалай жауапқа тартатынын бейнебақылау камералары арқылы өз көздерімен көрді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру