"Менің әкем – ең мейірімді полицей": Ертіс өңірінің балалары шығармашылық арқылы ата-аналарына құрмет білдірді
Ертіс өңірінің балалары шығармашылық арқылы ата-аналарына құрмет білдірді, - деп Polisia.kz.
Павлодар облысында полиция қызметкерлерінің балалары арасында "Мен полицей боламын" және "Менің ата-анам – полицей" тақырыптарында сурет байқауы өтті. Бұл шығармашылық шарада балалар өз қиялдары мен шынайы сезімдерін ақ қағаз бетіне түсіріп, ата-аналарына деген құрметін көркем түрде жеткізді.
Байқаудың басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, балалар бойында ата-аналарының мамандығына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру және құқық қорғау саласының қоғам үшін маңызын тереңірек ұғындыру.
– Бұл байқау балалардың шығармашылығын қолдауға ғана емес, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің отбасыларындағы өзара түсіністік пен бірлікті нығайтуға бағытталған, – дейді кадр жұмысы жөніндегі инспектор Махаббат Мурсалинова.
Балалар суреттерінде полиция көліктерін, рациямен ақпарат тарататын тәртіп сақшыларын және күнделікті қызметтегі оқиғаларды бейнеледі. Суреттерден отбасыға деген мақтаныш, мамандыққа құрмет пен мейірім сезімі анық байқалды.
Кішкентай Злата өзінің суретінде Ертіс аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы, әкесі Денис Дорденконы бейнелеп, оны «ең мейірімді полиция қызметкері» деп санаған.
Балалар туындыларының шынайылығы мен көркемдік ерекшелігі жоғары бағаланды. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, заңға құрмет пен полицияға деген сенімді арттыра түседі.