Қызылорда облысында биыл қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 112 қылмыс әшкереленді
Қызылорда облысында биыл қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 112 қылмыс әшкереленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығының қызметтік-іздестіру иттері қылмыстарды ашуда полицияға баға жетпес көмек көрсетеді. Төрт аяқты көмекшілер қылмысты анықтауға, із кесуге, есірткі мен жарылғыш заттарды іздестіруге және одорологиялық сәйкестендіруге қатысады. Барлығы күшік кезінен арнайы оқу-жаттығу курстарынан өтіп, белгілі бір бағыттағы құқық бұзушыларды анықтауға мамандандырылған қызметтік иттер.
https://youtube.com/shorts/jTkA0TfEbtM?feature=share
Орталықта 11 қызметтік-іздестіру иттері бар. Олардың 2 есірткі затын іздестіруге, 2 жарылғыш затын іздестіруге, 3 із кесу саласы, 3 одорология бойынша және 1 қызметтік іздестіру иті шабуылдау бағыты бойынша қызмет атқарады.
Қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен жыл басынан 112 қылмыс әшкереленді. Олар негізінен есірткімен байланысты қылмыстар, ұрлық және тағы басқа қылмыстар. Сонымен қатар Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері былтырғы жылы өздеріне бекітілген қызметтік іздестіру иттерімен Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Алматы қаласындағы Кинологиялық оқу орталығында екі сала бойынша, яғни есірткі затын іздеу және адам иісі бойынша ізге түсу біліктілікті арттыру курстарын аяқтады.
Қызметтік иттер тек адал серік қана емес, сонымен қатар қылмыстарды ашу бағытында, жоғалған адамдарды іздеу және тыйым салынған заттарды анықтау сияқты маңызды міндеттерді атқаратын нағыз көмекшілер.
- Полицияның қызметтік іздестіру иттері ұзақ уақыт бойы қылмысқа қарсы күресте сенімді және таптырмас көмекші ретінде танымал. Қызметтік иттер ең қиын жағдайларда да тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қатаң жаттығулардан өтеді. Олардың иістерді ажырата білуі, жасырын есірткіні немесе жарылғыш заттар мен қаруды анықтау және іздерді табу қабілеті көбіне қылмыстарды ашуда маңызды рөл атқарады. Полицейлерлің сенімді көмекшілері 1030 жедел шараларға қатысып, құқық қорғау органдарының жұмысында өздерін таптырмас дос екендігін дәлелдеді, - деп атап өтті Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев.
Бұл нәтижелер қызметтік иттердің қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты сақтау үшін көмегі өте маңызды адал серік болып қала беретіндігінің айқын дәлелі.