Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда "Ekin Patrol" мобильді автокешендері тиімді жұмыс атқаруда

Түркістанда "Ekin Patrol" мобильді автокешендері тиімді жұмыс атқаруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің тапсырмасымен осы жылдың ақпан айынан бастап республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда "Ekin Patrol" жылжымалы автокешендері іске қосылған болатын.

Аппарат тәулік бойы режимде құқық бұзушылықтарды 360 градус радиуста тіркеуге мүмкіндік беретін бейне жүйесі болып табылады және полицейлердің патрульдік машиналарына орнатылған.

Сонымен қатар 5 қауіпсіздік камерасы қызметтік көліктің үстіндегі түрлі-түсті жарқылдатқыш құрылғысында орнатылған, оның ішінде 2 камера – бейне түсіру және 2 камера – фото түсіру, 1-камера автомобиль салонында орналасқан. Бұл полиция қызметкерлерінің әрекеттерін іштен бақылауға мүмкіндік беретін бірден бір құрылғы.

Алдыңғы камералар бейне түсіруді жүзеге асырады, егер көлік жылдамдықты асырып жүрсе, онда бұл туралы деректер планшетке де түседі: қызыл шеңберде бұзушы жүретін жылдамдық саны пайда болады. Бұл ретте ақпарат полиция серверіне қайталанады, ал жүргізушіге айыппұл салынғаны туралы SMS келеді.

Айта кететін болсақ, "Ekin Patrol" мобильді автокешенінің көмегімен ақпан айынан бері 16 мыңнан астам құқықбұзышылық тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру