Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау жастары салауатты өмір салтын қолдайды

Маңғыстау жастары салауатты өмір салтын қолдайды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ерекше шара өтті.

Шара аясында Маңғыстау жастары қазақтың әлемге әйгілі әншісі Димаш Құдайбергеннің табиғат аясында, тау ішінде айтқан әніне арнап би билеп, челлендж түрінде қолдау көрсетті. Бұл бастама жастардың өнер мен салауатты өмір салтын ұштастырып, есірткіге қарсы күресте шығармашылық тәсілдерді қолдану арқылы қоғам назарын аударуға бағытталды.

Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, мұндай креативті жобалар жастарды дені сау өмірге ынталандырумен қатар, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру