Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегі анықталды

Маңғыстау облысында есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында өткен "Қарасора" жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тұрғын үйлердің бірінің ауласынан және ішінен есірткі заттары анықталды.

Тінту кезінде 2 түп қарасора өсімдігі, синтетикалық есірткіге ұқсас 3 пакет, 6 пакетке салынған марихуана, пипеткалар, орамалар мен таразы тәркіленіп, заттай дәлелдеме ретінде рәсімделді.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тәркіленген заттарға сараптамалар тағайындалды.

Күдікті тұлғаға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Іс Маңғыстау облысы полиция департаментінің бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру