Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ісіне адал нәзік жанды полицей

Ісіне адал нәзік жанды полицей саласының қыр-сырымен бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Марал Бейсенбаева – бүгінде еліміздегі полиция саласында қызмет етіп жүрген үздік нәзік жанды мамандардың бірі. Ол тек кәсіби қызметімен ғана емес, өз өмір салтымен де өзгелерге үлгі бола білетін жан.

Марал ханым – екі баланың анасы. Ана болу мен құқық қорғау қызметіндегі күрделі міндеттерді қатар алып жүрген ол өзінің қажырлылығы, тәртіпке берік мінезі және қоғамдық қауіпсіздікке қосқан үлесі арқылы әріптестері арасында үлкен құрметке ие. Қызмет саласында Марал әрдайым жауапкершілік пен адалдықты басты қағидаетіп ұстанады. Бірақ Маралдың өміріндегі жетістіктер тек кәсіби бағытпен шектелмейді. Ол – салауатты өмір салтының белсенді насихаттаушысы.

Фитнес, волейбол, жүгіру сынды спорт түрлеріне ерекше қызығушылық танытып, спортты күнделікті өмірінің бір бөлшегіне айналдырған. Әсіресе, жүгіру спортынан биікбелестерді бағындырып жүр: жыл сайын Астанада және еліміздің өзге өңірлерінде өтетін марафондарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Бұл оның мақсатқа ұмтылғыш, қайсар мінезін көрсетеді.

Марал Жазитқызы нәзік болмысына қарамастан, батыл шешім қабылдай алатын, қызметінде мүлтіксіз тәртіп пен заңдылықты ұстанатын, сонымен қатар отбасына мейірімді ана, қоғамдық өмірде белсенді азаматша. Оның өмір жолы – заманауи қазақстандық әйелдің жарқын бейнесі: кәсіби, спортшы, ана, патриот. Полиция қатарында осындай жан-жақты, табанды, жан жүрегімен қызмет ететін мамандардың болуы – еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру