Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда тәртіп сақшылары арасында тартысты жарыс өтті

Қазақстан полициясы күніне орай Қарағандыда Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ академиясының стадионында тәртіп сақшылары арасында тартысты жарыс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Полиция эстафетасы" атауымен өткен сайысқа облыстың әртүрлі аумақтық бөлімшелерінен келген он команда қатысып, мықтыны анықтау жолында бар күш-жігерін салды. Жылдамдық, төзімділік пен кәсіби шеберлік сыналған жарыс барысында қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын күрделі тапсырмаларды орындады.

Эстафета аясында ерлер 400 метр, ал әйелдер 200 метр қашықтықты жүгіріп өтті. Сонымен қатар қаруды жинау мен бөлшектеу, носилкамен және гирьмен жүгіру сияқты жаттығулар полицейлердің кәсіби дайындығын, төзімділігі мен командалық үйлесімін анықтауға бағытталды.

Жарыс қорытындысы бойынша, үздік нәтиже көрсеткен Теміртау қаласының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Шахтинск қаласының тәртіп сақшылары иеленсе, жүлделі үшінші орын Қарағанды қаласының командасына бұйырды.

Осындай жарыстар – ішкі істер органдары қызметкерлерінің физикалық дайындығы мен рухани бірлігін нығайтатын маңызды іс-шара ғана емес, қоғам алдындағы жауапты қызметке деген адалдықтың жарқын көрінісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру