Шымкентте полиция қызметкерлері арасында ерекше жарыс өтті
Шымкентте полиция қызметкерлері арасында ерекше жарыс өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкентте полиция департаментінің қызметкерлері арасында ерекше жарыс өтті. Қазақстан полициясы күні мен “Динамо” дене-спорт қоғамы қоғамдық бірлестігінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған эстафета қоғамда “Заң мен Тәртіп” қағидатын ілгерілетуге бағытталды.
Жарыс бес кезеңнен тұрды. Қатысушылар газқағармен қашықтықты жүгіріп өту, жаралыны зембілмен тасу, автомат пен тапаншаны шашып, жинау және көздеп ату секілді түрлі сынақтардан өтті. Соңғы кезеңде эстафетаны командалық түрде тапсырып, мәреге жетті. Бұл сайыста тек күш пен ептілік емес, шұғыл шешім қабылдай білу мен үйлесімді әрекет те маңызды рөл атқарды.
Нәтижесінде жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1 орын - “Арлан” оқу-жаттығу взводы, 2 орын - Еңбекші ауданының полиция басқармасы, 3 орын - Абай ауданының полиция басқармасы.
Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.