Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер қызметте қаза тапқан әріптестерінің рухына тағзым етті

Қарағандыда полицейлер қызметте қаза тапқан әріптестерінің рухына тағзым етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Қарағанды облыстық полиция департаментінде жедел-тергеу тобының қызметкерлері Қазақстан полициясы күні қарсаңында кезекшілікке түсіп, қызметтерін ерекше рухани сәтпен бастады. Полицейлер ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіп жолында қаза тапқан әріптестерінің рухына тағзым етіп, мемориалға гүл шоқтарын қойды. Бір минуттық үнсіздік жарияланып, ерлікпен көз жұмған тәртіп сақшыларына құрмет көрсетілді.

Салтанатты шарада департамент бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров жедел-тергеу тобының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

– Бүгін сіздер Қазақстан полициясы күні қарсаңында кезекшілікке түсіп, халыққа қызмет көрсетуге кірісіп отырсыздар. Сіздерді осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Қызметтеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді ол.

Құттықтау сөзінен кейін Жасқайрат Қайыров полицейлерге департамент басшылығы атынан естелік сыйлықтар табыс етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру