Ақтөбе облысында полиция балаларға қауіпсіз интернет жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы жазғы лагерьлерде балаларға қауіпсіз интернет жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасы қызметкерлері балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағындағы екі жазғы лагерьге барды. Іс-шара аясында полицейлер балалармен және тәрбиешілермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар қазіргі таңда кең таралған интернет-алаяқтық түрлері туралы айтып, олардың қалай әрекет ететінін нақты мысалдармен түсіндірді. Сондай-ақ киберқылмыстың құрбаны болмау үшін қандай алдын алу шараларын сақтау қажет екені баяндалды.
Балаларға әлеуметтік желілерде жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы жеткізіліп, арнайы дайындалған бейнематериалдар көрсетілді. Бұл алдын алу шаралары кәмелетке толмағандардың цифрлық ортада өзін қауіпсіз ұстауына көмектесіп, алаяқтардың ықпалына түсу қаупін азайтуға бағытталған.