Жол қауіпсіздігі – басты назарда: Қарағанды облысында полицейлер түсіндіру жұмысын жүргізді
Қарағанды облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Шара аясында патрульдік полиция қызметкерлері тасжол бойында жүргізушілермен кездесіп, жолда сақ болудың маңызын түсіндіріп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары жүргізушілерге арнайы дайындалған үнпарақшалар таратып, ереже бұзудың салдары туралы ақпарат берді.
Айта кету керек, жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында патрульдік полиция батальоны заманауи бақылау құралдарын – дрондарды да пайдаланып келеді. Әуе арқылы жүргізушілердің тәртібі бақылауға алынып, жол ережесін бұзу фактілері дер кезінде тіркеледі.
Полиция қызметкерлері мұндай алдын алу шаралары азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін маңызды екенін еске салып, барлық жол қозғалысына қатысушыны заңға бағынуға шақырды.