Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицейлер балаларға арналған есірткіге қарсы экскурсия ұйымдастырды

Алматы облысында полицейлер балаларға арналған есірткіге қарсы экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының есірткіге қарсы күрес басқармасының полицейлері "Балдаурен" лагерінің тәрбиеленушілеріне арнап өңірлік полиция департаментінің кинология орталығында қызықты экскурсия ұйымдастырды. Онда қызметтік иттердің кәсіби дайындықтары көрсетілді.

Шараның мақсаты – балаларға есірткінің зияны мен оның алдын алу, сондай-ақ полиция қызметі мен олардың сенімді серіктері – қызметтік иттердің жұмысы туралы қарапайым әрі қызықты қылып түсіндіру.

Кездесу мерекелік бағдарламамен басталып, кинолог мамандар мен олардың төрт аяқты серіктерімен таныстырумен өрбіді. Балаларға жалпы жаттығу элементтері, иттердің тыйым салынған заттарды қалай анықтайтынын, арнайы жаттығу алаңында кедергілерден өту шеберліктерін көрсетті.

– Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында салауатты өмір салтының маңызын, полиция қызметіне құрмет пен құқық қорғау органдарына деген сенімді қалыптастырады, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Балалар кинологтар мен иттердің үйлесімді қимылдарын ерекше қызығушылықпен тамашалап, шара соңында тәртіп сақшыларымен еркін тілдесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Іс-шара қызықты әрі достық атмосферада өтіп, кәмелетке толмағандар арасындағы есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған жұмыстардың жарқын сәттерінің біріне айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру