Атырауда нөмірлері сәйкес келмейтін көліктер анықталды
Атырауда нөмірлері сәйкес келмейтін көліктер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласында маусым айының 28-29 күндері аралығында қорғау жүйесі арқылы жүргізілген тексеру барысында ВАЗ 2110 және ВАЗ 2112 автокөліктері тоқтатылды. Тәртіп сақшыларының қырағылығы нәтижесінде көліктердің шанақ нөмірлері мен мемлекеттік тіркеу белгілерінің бір-біріне сәйкес келмейтіні анықталды.
Аталған деректер бойынша жүргізушілерге қатысты хаттамалар толтырылып, іс-құжаттар мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.
Сот шешімімен жүргізушілер 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Тәртіп сақшылары жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырады.