Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда “Алкогольсіз күн” науқаны өтті

Алматыда “Алкогольсіз күн” науқаны өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу және жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында полиция қызметкерлерінің медицина мамандарымен бірлесіп ұйымдастыруымен “Алкогольсіз күн” кең ауқымды науқаны өткізілді. Шара барысында учаскелік инспекторлар, тұрғылықты жері бойынша профилактикалық есепте тұрған адамдарға, оның ішінде мас күйінде құқық бұзушылық жасауға бейім адамдар барды. Бақылаудағылардың денсаулығы нарколог-дәрігерлердің қатысуымен тексерілді.
Сонымен қатар рейдтер аясында алкоголь өнімдерін тыйым салынған уақытта сату деректері анықталып, сатушыларға әкімшілік материалдар толтырылды. Тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

— Біз жай ғана тексеріп жатқан жоқпыз, алдын алуға тырысамыз. Мұндай іс-шаралардың мақсаты - жазалау емес, жағдайды тұрақтандыру, мас күйінде жиі жасалатын құқық бұзушылықтардың санын азайту. Уақытында жүргізілген медициналық және профилактикалық көмек адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Біз бұл жұмысты тұрақты негізде жалғастырамыз. Біз заңсыз алкоголь саудасы, сондай-ақ өз денсаулығына және іс-әрекетіне жауапсыз қарау ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін еске саламыз. Алдын алу шаралары – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясының маңызды бөлігі, - деді, Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру