Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция e-Otinish арқылы 12 мыңнан астам өтінішті қарады

Түркістан облысында полиция e-Otinish арқылы 12 мыңнан астам өтінішті қарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаев, 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру міндетін қойды.

Осының негізінде азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған e-Otinish ақпараттық жүйесі әзірленді.
Бүгінде аталмыш жоба аясында Түркістан облысы полиция департаменті де тұрғындарға жүйелі қызмет көрсетуде. Мәселен жыл басынан бері департаменттің құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне e-Otinish арқылы 12 мыңнан астам өтініш тіркелген. Бұл арыз-шағымдар дер кезінде қаралып, заңға сәйкес тиісті жауаптары берілген. Жалпы e-Otinish ақпараттық жүйесі жұмыстың барлық процестерін цифрландырып, мемлекеттік органдардың құзыреті бойынша өтініштердің бағытын автоматты түрде анықтайды. Мемлекеттік органдар арасындағы сұраныс санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқартады. Жүйені пайдаланушы тұрғынға өтінішті қараудың барлық кезеңдері, сатылары және мерзімдері туралы хабардар етіледі.

e-Otinish ақпараттық жүйесі мемлекеттік органдарда қағазбастылық пен төрешілдікті болдырмау мақсатында eGov.kz сайты және "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы базасында "Нәтиже" орталығы арқылы қолжетімді екенін хабарлаймыз. Сондықтан «e-Otinish» ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, мемлекеттік органдарға оңай әрі тез ресми өтінішіңізді жолдаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру