Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер есірткі айналымының алдын алу мақсатында поштадағы сәлемдемелерді тексерді

Атырауда полицейлер есірткі айналымының алдын алу мақсатында поштадағы сәлемдемелерді тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында облыс көлемінде "Қарасора - 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шара кезінде Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері "Қазпочта" АҚ филиалында арнайы үйретілген, қызметтік және іздестіру итін пайдалана отырып, жөнелтуге дайын заттарға тексеру жұмыстарын жүргізді.

Мақсат - Атырау облысы аумағына тыйым салынған есірткі және психотроптық заттардың келуіне жол бермеу, пошта жөнелтілімдерінде заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау және жолын кесу. Жүргізілген профилактикалық тексеру нәтижесінде "Қазпочта" АҚ филиалында күдік тудыратын заттар табылмады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау облысы аумағында "Қазпочта" бөлімшелерінде полиция қызметкерлері мен кинолог мамандардың қатысуымен 47 тінту-тексеру іс-шарасы жүргізілген. Барлық тексеруде пошта арқылы есірткі заттарын заңсыз тасымалдау фактілері анықталған жоқ. Мұндай нәтижелер жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардың тиімділігін және есірткі айналымының жолын кесуге бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру