Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ чемпионаты: жауынгерлік атыстан үздіктер анықталды

“Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында және "Динамо" спорт қоғамдық бірлестігінің 100 жылдығына орай Павлодарда жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өткізілді. Жарыс барысында ең үздік атқыштар анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полигонда ҚР арнайы, құқық қорғау және күш құрылымдарынан 26 команда, барлығы 130 қызметкер бақ сынасты. Турнирге қатысушылар Калашников автоматынан 100-150 метр қашықтықта, сондай-ақ Макаров тапаншасынан 25 метр қашықтықта оқ ату қабілетін көрсетті.

Командалар өздерінің шеберліктерімен бір-бірінен асып түсуге және жеңіске жетуге тырысты. Жарыс командалық есепте және жеке біріншілікте өткізілді. Екі күнге созылған чемпионатта қатысушылар жауынгерлік дайындықта өздерінің кәсіби шеберліктерін айқын көрсетті. Әрқайсысы қаруды иеленудің жоғары деңгейін көрсетті.

Ойын-сауық шарасының қорытындысы бойынша қатысушылар арасында үздік командалар анықталды. Бұл Алматы қаласы — I орын, Қостанай облысы — II орын және Павлодар облысы — III орын.

Күш құрылымдарының ішінде "Динамо" ДСҰ Орталық кеңесінің командасы үздік атанды, екінші жүлделі орынды Қазақстан Республикасы ІІМ командасы, үшінші орынды Ұлттық Ұлан иеленді.

Чемпионат "Динамо" ДСҰ Орталық Кеңесі аппаратының басшысы Хайрулла Гүлаймның, "Динамо" ДСҰ Орталық кеңесінің ұйымдастыру-бақылау жұмысы басқармасының бастығы Марьин Владимирдің және ҚР ІІМ Арнайы және жұмылдыру дайындығы департаментінің аға инспекторы Әділжан Сматовтың төрағалығымен өтті.

Соңында Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтап, барлық қатысушыға жарқын күрес пен лайықты жеңіс үшін алғыс айтты.

— Құрметті қатысушылар! Бұл турнир тек дәлдік пен шеберліктің ғана емес, тәртіптің, төзімділік пен күштің көрсеткіші. "Заң және Тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Сондықтан әрбір полиция қызметкері қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, тамаша дене шынықтыру мен жауынгерлік дайындыққа ие болуы тиіс. Баршаңызға қызметте сәттілік пен жақсы жол тілеймін, - деді ол.


Жеңімпаздар арнайы дайындалған медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Командадан басқа қатысушылар жеке номинациялар бойынша да марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру